Алматылық адвокат Кеосаянды сотқа берді

1412
Adyrna.kz Telegram

Алматылық адвокат Жангелді Сүлейманов тележүргізуші Тигран Кеосаянды сотқа берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

28 маусымда адвокат Жангелді Сүлеймановтың парақшасында оның ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды сотқа бергені туралы хабарлама жарияланды. Адвокат сотта Қазақстан азаматтарының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды жоспарлап отыр.

«Кеосаянның біздің халқымызға тіл тигізгені сөзсіз. СІМ-не осы іс төңірегіндегі берік позициясына рахмет. Бірақ қазақтар да кері жауап қайтару керек. Заңға сәйкес, жауапкер шетелдік болса да, мұндай істер бойынша біздің қазақстандық сотқа шағым беруге болады. Кеше мен Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына осындай талап арыз бердім. Мен соттан Кеосаян өзінің Youtube каналында өзінің қателескені туралы жаңа бейне жариялауын сұраймын. Одан басқа ештеңе қажет емес», — деп жазды Сүлейманов.

Жазба астына жазылған пікірлерді қарап отырып Сүлейменовты құттықтағандарды және оның осы бір шешімін құп көрмейтіндерді де байқадық. Кейбір пайдаланушылар Сүлеймановтың сотта азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қалай қорғауды жоспарлап отырғанын түсінбейтінін жазып жатты. Келіспейтіндердің бір бөлігі ҚР СІМ атынан құзырлы орган бұл мәселеге нүкте қойғанын жарыса алға тартып отыр.

Берілген талап арыз соттың қарауында, ал бұл Кеосаянның Қазақстан атына айтқан сөзі әлі де таласқа түсіп, талқылануы мүмкін дегенді білдіреді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер