Болат Назарбаев басып алған "Алтын Орда" базарының дауы басылар емес

4142
Adyrna.kz Telegram

Болат Назарбаев басып алған "Алтын Орда" базарының дауы басылар емес. Осы мәселеге байланысты бірқатар қоғам белсенділері Нұр-Сұлтан қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мемлекет басшысы ақпан айында рейдерлікке ұрынған "Алтын орда" базарын тәртіпке келтіру туралы тапсырма беріп, сәуір айында базар басшылығы ауысқанымен сауда орнында заң бұзушылықтар тыйылмай отыр.

Заңгер Дәурен Ғабдулдың айтуынша, көрші елдерден келген топтар базарға билік жүргізіп, қолдан қымбатшылық жасалып отыр.

 «Басшылықтың ауысқанының өзі үлкен күмән туғызып отыр. Сәуір айынан бастап Алтын Ордада баға төмендеді ме? Біз күткендей өзгеріс болды ма? Жоқ! Бұл шағын сауда орны емес қой, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 миллион адам. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді», - деп мәлімдеді заңгер Дәурен Ғабдул.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының тұрғындары наурыз айында Алтын-Орда базарының алдына жиналып, Болат Назарбаевтан Алтын-Орда базарын бұрынғы иесіне қайтаруды талап еткен болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер