Қазақстан мен Ресей достығы сақтала ма?

3778
Adyrna.kz Telegram

Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас достық күйінде қалып отыр, деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы "Адырна" тілшісі жазады. 

«Ешқандай шешімдер (антиресейлік санкциялар бойынша) қабылданған жоқ, керісінше, өзара іс-қимылымызды одан әрі кеңейтуге, шетелден келетін сын-қатерлерге бірлесіп жауап беруге және осы жағымсыз әрекеттердің салдарын барынша азайтуға абсолютті ниет жарияланды», - деді Кремль өкілі журналистерге берген жауабында.

«Российская газетаның» хабарлауынша, «Қазақстан Ресейге дос ел болып қала ма?» деген сұраққа президенттің баспасөз хатшысы: «Әрине, әрине!» деп жауап берді.

"Біздің үкіметтеріміз үнемі байланыста. Байланыс тұрақты негізде, жоғары деңгейде жүзеге асырылады", - деп келтіреді Песков сөзін Gazeta.ru.

Пікірлер