"Албасты дер едім": әншілерді сынаған Зейнеп Ахметоваға Түсіпбаева жауап берді

12261
Adyrna.kz Telegram

Әншілерге тұсау кескізетін жұртты сынаған Зейнеп Ахметоваға әнші Меруерт Түсіпбаева жауап берді, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

Зейнеп Ахметова өзінің кезекті сұхбаттарының бірінде Мақпал Жүнісованы "албасты" деп атап, әншілерге тұсау кескізетін жұртты сынға алған болатын. Жазушының бұл сөзіне әнші Меруерт Түсіпбаев өзінің Instagram парақшасында жауап қалдырды:

"Аса құрметті, Зейнеп әпке! "Адамның басы - Алланың добы"- деген сөз бар. Әр пенденің өмірі - өзі қалағандай болса, өзі армандағандай болса, пенде Құдайын ұмытары сөзсіз…. Маңдайға жазылған тағдыр деген болады, Зейнеп әпке. Сізге ақыл айтуым мүмкін емес, маңдайыма Бауыржан атамыздай батырдың келіні болу жазылмағандықтан…. Дегенмен, мектепте оқып жүргенімде, Мақпал әпкемнің жатақханадағы адресін тауып, қолым дірілдеп, 18 рет жазып, 17 рет ол хатты жыртқан, өнеріне табынатын бір қазақтың қызы ретінде сізге жауап берейінші…. (Айып етпеңіз, алдын - ала кешірім сұраймын сізден. )Өз басым осы әріптес болғалы, Мақпал Жүнісованың фонограммамен ән айтқанын естімеппін (ТВ-түсірілім кезінде болмаса)… Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған,танымал тұлғаны "албасты" дегеніңіз артықтау болды деп ойлаймын. #жекепікірім…. Ал қазақтың #Тұсаукесер дәстүрін бизнеске айналдырған әріптестерім болса, өзім де оларға #албасты дер едім….#өзойым" деп жазды ол.

Пікірлер бөлімінде көпшілік әншінің ойын құптап, "өте дұрыс айттыңыз", "қосыламын" деген сынды пікірлер қалдыруда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Пікірлер