“Шаңырақ” балалар үйінің түлектері әкімнен қолдау сұрайды

2314
Adyrna.kz Telegram
Фото:  bko.gov.kz
Фото: bko.gov.kz

«Шаңырақ» балалар үйінің түлектері жергілікті тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік тұрғын үй құрылысына Батыс Қазақстан облысы әкімі  Ғали Есқалиевтен көмек көрсетуін сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Балалар үйінен шыққандықтан бізде тұрғылықты орын жоқ. Бізге пәтер жалдап тұру, оның ақысын төлеу қиынға соғады. Ал жалдамалы пәтерлерді одан әрі салу биыл жоспарда жоқ екен. Оның орнына тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау тетігі тұр”,- деді “Шаңырақ” балалар үйінің түлегі.

Заң бойынша, 2010 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, тұрғын үйге мұқтаждар арасынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспана кезегін күтуде.  Алайда, жыл сайын кезекте тұрғандар саны артып келеді. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын тоқтатып, оны жалға беруді субсидиялау тетігімен ауыстыру кезекте тұрғандардың болашақта баспана алуға заңды құқығын бұзуда.

Балалар үйінің түлектерінің айтуынша, жалға берілетін тұрғын үй құрылысын тоқтату бірқатар келеңсіз факторларға әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, коммерциялық тұрғын үй құнының одан әрі қымбаттауы. Ол қымбаттаса балалар  үшін мүлде тұрғын үй  қолжетімсіз болмақ.

Тұрғын үйді субсидиялауды «уақытша» шара деп есептейміз. Бұл ретте азаматтарды тұрақты әлеуметтік баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілмейді.

Құрметті әкім мырза, жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қалпына келтіруге ықпал етуіңізді сұраймыз! Біздің ата-анамыз, туған-туыстарымыз бен жақындарымыз жоқ. Сіз жалғыз қолдаушымызсыз!  Бар үмітіміз сізде! “,- деп әкімнен көмек сұрады.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер