Өзбекстандағы қақтығыс ұзақ жылдар бойы дайындалған - Мирзиеев

2636
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан билігі Қарақалпақстанда болған оқиға желісін тек ресми мәліметтер бойынша жариялауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресми баяндама көзіне сүйенсек, арандатушылар жағдайды одан әрі ушықтырып, түрлі жалған ақпараттар таратқан.

Мирзиеев Өзбекстандағы қақтығыс ұзақ жылдар бойы дайындалып, негізгі мақсаты елдің аумақтық тұтастығын бұзу мен этникалық қақтығыс жасау болғанын да тілге тиек етті.

Оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдар шетелдік БАҚ-та және әлеуметтік желілерде желдей есіп, түрлі екі жақты пікір қалыптастырған.

Наразылық көрсетуге топ боп жиналғандардың ішіндегі ең белсенділері қызыл жейдемен ерекшеленген. БАҚ беттеріндегі ақпаратқа сүйенсек, олар қаланы секторларға бөліп алды деп айтуда.

Таралған видеолардағы іс-қимыл, жүрістеріне қарап көп адамның қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екені анық байқалады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер