Шымкентте қызға пышақпен шабуыл жасамақ болған күдікті ұсталды

2760
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қызға пышақпен шабуылдамақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Полицияның мәліметінше, ол өз үйінде жасырынып жүрген. Бұл 22 жастағы жігіт болып шықты. Күдікті қызға қандай мақсатпен шабуыл жасамақ болғанын полицейлер тергеу құпиясын алға тартып, ашып айтпады. Тек шабуыл жасаған адамның қазір полиция бөлімінде екені белгілі болды.

"Полиция қызметкерлерінің жедел ұстау және тәулік бойы жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті бейнекамераның көмегімен анықталып, тұрғылықты жерінде ұсталды. Бұл оқиға ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. ҚР «Бұзақылық» Кодексі. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент ҚДП баспасөз қызметінен.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, жігіт екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пікірлер