"Орыс халқына қарсы шықты": Кремль Дмитрий Гордонға іздеу жариялады

4678
Adyrna.kz Telegram

Ресей украиналық журналист Дмитрий Гордонға іздеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Іздестіру қылмыстық іс шеңберінде жүргізіледі, бірақ оның нақты қандай бап бойынша қозғалғаны әзірге беймәлім.

Бұған дейін РФ Тергеу комитеті Дмитрий Гордонға қарсы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Оған халықты соғысқа шақырды, орыс ұлтына деген өшпенділік тудырды және  Ресей Қарулы күштері туралы жалған ақпарат тарады деген айыптар тағылған.

 "Гордон украиналық телеарнаның тікелей эфирінде Ресей Федерациясына қарулы шабуыл жасауға және оған қарсы ядролық қаруды қолдана отырып агрессивті соғыс бастауға шақырды", - деп мәлімдеді РФ Тергеу комитеті. 

Сонымен қатар Росфинмониторинг Дмитрий Гордонды экстремистік әрекетке немесе терроризмге қатысы бар адамдармен мен ұйымдардың тізіміне енгізген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер