Министр Саясат Нұрбек «Ашық үкімет» алаңында жеке блог ашты

1956
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек dialog.egov.kz электронды үкімет порталындағы «Ашық үкімет» алаңында жеке блог ашты. Бұл туралы ол өзінің телеграм-каналында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

– "Мен «Ашық үкімет» алаңында отандық ғылымды дамыту және жоғары оқу орындарындағы білім беру қызметінің сапасын арттыруға қатысты кез келген ұсыныстар мен пікірлерді тыңдауға дайынмын. Барлық арыз, өтініш, ұсыныстарды мұқият оқып шығып, қажет деген жағдайда тиісті шара қолдануға әзірміз", – деді Саясат Нұрбек порталдағы алғашқы хабарламасында.

Ғылым және жоғары білім министрі бұл блог министрлік қызметкерлеріне еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының мәселелерін шешуде бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Осы орайда Саясат Нұрбек қазақстандықтарды өзгелерге үлгі боларлық оң істер туралы айтуды да ұмытпауға шақырды.

Айта кетейік, кез келген азамат тікелей өтініш білдіруге және ұсыныс жасауға, әлеуметтік маңызды сауалнамаларға қатысуға мүмкіндік алады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер