Ресей тағы бір Халықаралық маңызы бар жобадан айырылмақ

3066
Adyrna.kz Telegram

Роскосмостың жаңа басшысы Ресейдің ХҒС жобасынан шығатынын хабарлады. Бұл 2024 жылдан кейін болуы мүмкін, деп забарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Дмитрий Рогозиннің орнына Роскосмос басшысы болып келген Юрий Борисов Ресейдің Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) жобасынан шығатынын мәлімдеді. Бұл 2024 жылдан кейін болуы керек, деп хабарлайды Express K BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Роскосмос басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен жұмыс кездесуінде мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, ХҒС-тан шығу туралы шешім қабылданып қойған.

Әрине, біз [ХҒС бойынша] серіктестеріміздің алдындағы барлық міндеттемелерімізді орындаймыз, бірақ 2024 жылдан кейін бұл станциядан шығу туралы шешім қабылданды», - деді БОРИСОВ.

Бас директор басқарылатын бағдарламаны, Ресейдің Орбиталық қызмет көрсету станциясын (РОСС) құруды мемлекеттік корпорация қызметінің негізгі басымдығы деп атады.

Сонымен бірге станцияны басқаратын NASA да Ресейдің ХҒС жобасынан шығуы туралы ешқандай хабарлама алмағанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер