Орта Азиядағы ең ірі кәсіпорын Алматы облысында орналасқан

3291
Adyrna.kz Telegram
evrazia.dev.nologostudio.ru
evrazia.dev.nologostudio.ru

«Kelyn-Kazharm» ЖШС фармацептикалық өнім шығаратын кәсіп орын Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан. Орта Азиядағы ең ірі өндіріс ошағы 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда жылына 140 млн. дәрі құйылған шыны құты шығаруға қауқарлы.

«Kelyn-Kazharm» зауытында негізінен полипропилен қапшығына құйылған инфузиялық ерітінділер мен шыны құтылар және полипропилен ампулаларындағы инъекциялық ерітінділерді өндіреді. Алдағы уақытта лиофилендірілген ұнтақ пен антибиотиктер және түрлі ісікке қарсы препараттар шығару қолға алынбақ. Өндіріске қажетті шикізат әзірге Сингапурдан жеткізілуде. Дәрілік препараттардың сапасы Жапония мен Сингапурда шығарылған заманауи қондырғылар орнатылған зертханаларда тексерілуде.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғазиз Малдыбаевтың айтуынша, «Kelyn-Kazharm» ЖШС ірі бизнес субьектілерінің қатарына жатады. Кәсіпорын импорт алмастыру мәселелерін толықтай шешіп, елімізді сапалы әрі қолжетімді дәрімен қамтамасыз етуде. Өнімін шетел нарығына да шығара бастаған.

«Зауытта бүгіндері 311 адам еңбек етеді. Олардың қатарында Қытайдан келген мамандар да бар. Алдын ала жасалған келісімшарт бойынша кәсіпорында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде. Оқуларын бітіргеннен кейін осында еңбек етуге қалатындардың қатары да жыл өткен сайын артып келеді»,-дейді «Kelyn-Kazharm» ЖШС-інің директоры Мерей Сламұлы.

«Kelyn-Kazharm» зауытында медициналық препараттардың 150 түрі шығарылады. Өткен жылы мұнда 2649 млн.теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 7903 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде.

Пікірлер