Путин жалған референдум өткізіп, Украинаға сес көрсетуі мүмкін - АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі

4032
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың БҰҰ-дағы Елшісі Линда Томас-Гринфилд агрессор Ресей Украинаны жойып "оны әлем картасынан толығымен өшіргісі келетінін" хабарлады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Елші АҚШ Ресейдің Донецк және Луганск, сондай-ақ Оңтүстік Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялауға дайындалып жатқанын байқағанын айтты.

Оның айтуынша, Мәскеудің бұл талпынысы«жалған референдумдар өткізу немесе Ресейге қосылу туралы жарлық шығару мақсатында Ресейдің бақылауындағы аймақтарға заңсыз сенім білдірілген тұлғаларды орналастыруды» қамтуы мүмкін.
Томас-Гринфилд Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың "тіпті бұл Ресей соғысының басты мақсаты" деп мәлімдегенін еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, Лавров Каирдегі Араб саммитінде:" Біз сөзсіз Украин халқын абсолютті халыққа қарсы және тарихқа қарсы режимнен арылуға көмектесеміз", - деген болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер