Алматыдағы уақытша ұстау абақтысынан генерал-майор өлі күйінде табылды

4442
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazpravda.kz
Фото: kazpravda.kz

Алматыдағы уақытша ұстау абақтысынан генерал-майор өлі күйінде табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

18-інші тергеу изоляторында олар Алматы және Ақмола облыстары ДП-ның бұрынғы басшысы (2009-2016 жж.) - Жайлаубек Халықұлының мәйітін тапқаны белгілі болды. Генерал-майор өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар.

Полицей 23 мамырда ұсталды. Ол қылмыстық істі тоқтату мақсатында белгілі бір азаматтың ақшасы мен мүлкін алаяқтық жолмен алды деген күдікке іліккен. Мәліметтер нақтыланып жатыр.

Генерал-майордың өлімін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де растады.

"Таңғы сағат 7-лер шамасында қамауға алынған Ж.Халықұлын қарауыл инспекторы тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады”, делінген мәлімдемеде.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ІІД басшылығы келгені нақтылануда. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта ішкі аудит жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер