Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас мешіттің ашылу салтанатына қатысты

3174
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа Бас мешіттің ашылуы болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ашылу салтанатына бұрынғы премьер-министр Мамин, бұрынғы вице-премьер Сапарбаев, вице-премьер Тоғжанов, Алматы облысының экс-әкімі Баталов, кәсіпкер Рахымбаев және тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Еске салайық, Назарбаев мешіттің құрылысына алғаш кірпіш қалаған еді.

Сондай-ақ, Назарбаевтың есімі жаңа мешіттің тасына жазылған. Экс-президент мешіттің құрылысы оның идеясы екенін де еске салды.

Фото: holonews.kz

«Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде елордада көптеген ғимараттар салынды, бірақ бұл мешіттің алатын орны ерекше. Осы жерде оқылатын дұғалардың барлығын Алла қабыл етсін.

Президенттік мерзімім біткен соң осы мешіттің тасын қаладым. Бұл отан алдындағы перзенттік парыз деп ойлаймын», – деді тұңғыш президент.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер