ЕРҚАНАТ КӨПЖАСАРҰЛЫ: Діни фанатизм қаракөздеріміздің түбіне жетіп жатыр

3737
Adyrna.kz Telegram

Сәләфизмды айыптайын десең Әль-Каида, Талибан ханафи мәзхабын ұстанады. Қазақтар да мұсылман болғалы осы мәзхабта еді. Айналып келгенде діни фанатизм қаракөздеріміздің түбіне жетіп жатыр.

Әйтсе де біздегі сәләфизм трансформацияланған. Діни идеологиядан гөрі сектаға ұқсайды. Бұл ағымға кіргендер өмірі күжірейіп жүреді. Қабақтарынан қар жауып тұрады. Мешітке барсаң сәлеміңді алмайды. Көрім жігіттерді аңдып жүріп, қалағанын беріп қатарына қосқысы келеді. Ал ішіне кірсең айтқанына көніп, айдағанымен жүруің керек. 2011 жылдан бері діни радикализм Қазақстанды әбден титықтатып бітті. Бірнеше қанды қырғын ұйымдастырып та үлгерді. Бұлармен күрес мүлдем басқа арнада, басқа бағытта жүргізілуі керек.

Ерқанат Көпжасар

Пікірлер