Жетісу облысында дизель отынын сатуға шектеу қойылды

1802
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Жетісу өңірінде сұраныстың жоғары болуына және жүк көліктерінің ұлғаюына байланысты солярка саудасы шектелді. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдебі, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

"Өңірде жүк көлігінің көбеюіне және жолдарды жөндеуге байланысты жанар-жағармайға сұраныстың артуына байланысты осындай шешім қабылданды", - деп түсіндірді облыс әкімдігі.

Облыста дизель отыны мен бензин тапшылығы жоқ. Алайда, жүк көлігі жүргізушілері жанармай іздеп, еш жерден таппауда. 

"Қазақстан" телеарнасының хабарлауыншп, бизельдік отын тек талон арқылы сатылады. Қазақстанда жанар-жағармай нарығын реформалау аясында мұнай өнімдерін автомобильмен экспорттауға тыйым салу мерзімін жыл соңына дейін ұзарту туралы бұйрық бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда дизель отынына қатысты сараланған тариф енгізіледі. Бұл жанар-жағармайды шетел азаматтарына қымбат бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстанға тәулігіне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кірсе, оның шамамен 70%-і шетелдік көліктер.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер