ШҚО-да өгей әкесі 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келген

2398
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында өгей әкесі 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келген. Адвокат Айман Омарова өз  Instagram парақшасында әйелдің видеоүндеуін жариялады. 

«Ол кезде қызымның жасы небәрі 8-де болды. Бес жыл бойы күйеуім маған үнемі қол көтеріп, зорлық-қомбылық көрсетіп келді. Салдарынан талай мәрте ауруханаға да түстім. 2022 жылдың 9 қаңтарында ол мені есімнен танғанша ұрып соқты. Қызым мені өлді деп ойлап, анама телефон шалды. Анам артынша бірден келіп, балаларды өзімен, ал мені жедел-жәрдем шақыртып ауруханаға жіберді», - дейді келіншек.

«Болған жайтты егерде әлдекімге айтатын болсаң, анаң мен сені өлтіремін деп қорқытқан. Сол үшін қызым ешкімге айтпаған. Соңғы рет ол мұндай әрекетін 2022 жылдың 7 қаңтарында фермада жасаған. Ол жаққа қызымды менің рұқсатымсыз алып кеткен. 16 қаңтар күні Ұлан аудандық полицияға арыз жаздым. Процессуалдық прокурор мен психологтың қатысуымен болған жауап алу кезінде Тергеуші Шумақбаеваның сұрақтарына жауап беру барысында қызым тағы бір сұмдық жайтты айтты. Қызым 10 жаста болғанда өгей әкесі балаға адам шошырлық зорлау әрекетін жасаған», - дейді келіншек.

Айман Омарованың айтуынша, құқық қорғау органдары ер азаматқа қатысты әлі күнге тиісті шара қабылдамаған. Автордың сөзінше, бұл істе ШҚО Ұлан ауданының прокурорлары мен Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары зорлық-зомбылық жасаған ер кісіні қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тырысады. Себебі ол ол прокурорлардың бірінің сыныптасы көрінеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер