Ақтөбеде жол апатынан бес адам көз жұмды

2028
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты “Покровка – Жаңажол” автожолының 54-ші шақырымында болған.

«Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалды. ЖКО салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды»,– делінген хабарламада.

Пікірлер