"Сізге бірдеңе дәлелдеп, ырылдасқым келмейді" - Заитов Тілеуханға тіл қатты

6895
Adyrna.kz Telegram

Айтыскер ақын Ринат Заитов Бекболат Тілеуханға "сіздікі - "дұрыс", менікі- "ағаттық" деп, әңгімені осы жерден доғаратынын хабарлады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

"Ассалаумағалайкум аса құрметті Бекболат аға. Маған жолдаған видеосәлеміңізді көрдім. Таңырқадым деп өтірік айта алмаймын. Осылай қабылдайтыныңызды сездім. Бірақ түсіндірмесін кездескенде беремін ау деп ойлағанмын. Оған мына әлеуметтік желідегі әңгіме өзіміз тоқтатпай, тыйылмайтын сияқты. Сондықтан бір сөзімді жеткізуге тырысайын. Аға, өзіңізге былтыр ғана хабарласқандағы айтқан сөзім сол сөз. Мен сізді ештеңеге қарамастан, аға деп құрметтеймін, қайталанбас талант - деп жақсы көремін! Ал кейбір жағдайларда танытқан осалдығыңызды тура сынасам, ол - інілік назым, ақындық асаулығым. Ол өкпемнің орны бар деп ойлаймын. Себебі: қазіргі уақытта біздің елде ресми мәліметтер Қаңтардағы қырғынға сіздің дос тұтып жүрген азаматтарды күдікті танып, тергеу жүргізуде. Демек, егер ол мәліметтер рас болса, сіздің достарыңыздың жоспарларынан хабарсыз болғаныңызға сенбеймін. Ал өтірік болса, онда қазіргі билік бізді алдап, ақымақ көріп, жазықсыз адамдардың мойнына жүздеген адамның қанын артқалы тұр деген сөз. Сіздікі қайсысы? Не болса да, екі жағдайда да ештеңе көрмегенсіп, үндемей қалу сізге сын аға. Жақсы. Жауап ойлап алтын уақытыңызды кетірмеңіз. Сізге бірдеңе дәлелдеп, ырылдасып таласу ойымда жоқ. Өйткені Қазақ онсыз да жан-жаққа топталып алып, қырық пышақ болып жатыр. Енді қалмағаны Бекболат Тілеухан мен Ринаттың жақтастарының шайқасуы ма? Құрысын. Айып етпеңіз. Ондай елге еш пайдасы жоқ, "өнбес өсектер" жарысына жүйкем мен уақытымды кетірмеймін. Бекболат аға сіздікі - "дұрыс", менікі- "ағаттық". Сіз - жақсы, мен - жаман. Осы жерден қойдым. Сіз де сөйтетін шығарсыз?...", - деп жазды айтыскер ақын өзінің инстаграм парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер