«Мектептегі имандылықты сақтайық»: Нұртас Адамбай мектептердегі орамалға қатысты петиция жариялады

2102
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram
Фото: Instagram

Қазақстандық актер әрі режиссер Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын «Мектептегі имандылықты сақтайық» петициясына қол қоюға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бізде діндарлардың құқықтарын қалпына келтіруге себепкер болуға мүмкіндігіміз бар! Жасаған істерімізге Жаратушы разы болсын! Барлығына бейбітшілік!», деп жазды ол.

Адамбайдың оқырмандары оның сөзіне екіұштылық танытты.

Айта кетейік, бұған дейін режиссер «Buzz Lightyear» мультфильмінде ЛГБТ насихаты бар екенін айтып, оны таратуға тыйым салудың бастамашысы болған.

Адамбайдың айтуынша, “Келинка Сабина” - ислам туралы кино.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер