Нұр-Сұлтандық азамат көшеде курьерді таяқтап тастады

2443
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда курьердің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған. Содан көп ұзамай, Glovo-ның Қазақстандағы баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Компания өкілдерінің айтуынша, қазір соққыға жығылған курьердің кім екені анықталып жатыр.

Бүкіл әлемдегі Glovo компаниясы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбейді және құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетуге дайын. Қазір біз видеодағы Glovo сөмкесі бар адамның кім екенін анықтап жатырмыз. Барлық Glovo курьерлері «Курьерлер алдындағы міндеттеме» бастамасы бойынша сақтандырылған, – делінген хабарламада.

Кейін полиция аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер