"Бізге қысым көрсетуді доғарыңыздар! - Павлодарлық кәсіпкер Қошановқа үндеу тастады

5739
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық кәсіпкер жергілікті мәслихат депутаты біздің компанияға қысым жасады деп мәлімдеп, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошановқа үндеу тастады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

"Қайырлы күн, құрметті Ерлан Жақанұлы! Мен Бекмұхаев Алмаз Бейбітұлы. "City Gas Service" ЖШС Павлодар филиалының директорымын. Сізден Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, "Amanat" партиясының мүшесі Қожин Қобыланбек Нұрмұханұлына қатысты шара қолдануыңызды сұраймын.  Павлодар облысының мемлекеттік органдары тарапынан біздің компанияға ұзақ уақыт бойыы қысым көрсетілуде. Нәтижесінде табысты газ желісі ұйымына айналған "City Gas Service" ЖШС компаниясы жұмыс орындарын қысқартып, филиалдарын жабуға, айтарлықтай шығындарға төзуге мәжбүр", - дейді кәсіпкер.

Алмаз Бейбітұлының айтуынша, бұл мәселенің артында мәслихат депутаты Қобыланбек Нұрмұханұлы тұр.

"Бәсекелес "BLUE-STAR.PV" ЖШС компаниясы "біздің бизнесімізді сатып алыңдар" деп ұсыныс білдіріп, бізді мәжбүрлей бастады. Біз бұл ұсыныстан әрине бас тарттық. Олардың ұсынысынан бас тартқанымыз үшін компания кеңсесінде,  компания қызметкерлерінің пәтерлерінде бірнеше рет тінтулер жүргізілді. Коммерциялық құпияға ие қызметтік құжаттарды тартып алды.  Өйткені «BLUE-STAR.PV» ЖШС-нің құрылтайшысы депутат Қожин Қобыланбек Нұрмұханұлының жұбайы Қожина Райхан. Ол бұл компанияны бізден сатып ал деп өз өкілдерін бізге бірнеше рет жіберген. Әйтпегенде, біздің компанияның қызметін толығымен тоқтатамыз деп уәде берді. Орын алған жағдайға енді шыдай алмаймыз. Осыған қатысты шара қолданып, осы заңсыздықты тоқтатуыңызды сұраймын", - дейді кәсіпкер Алмаз Бейбітұлы.

 

 

 

Пікірлер