МҰХТАР ТАЙЖАН: Ресейліктерге Қазақстан есігін аша береміз бе?

2391
Adyrna.kz Telegram

Бәріміз көріп отырмыз, ресейліктер Қазақстанда қаптап кетті. Олай болуы мүмкін деп қыстың күні үкіметке ескертіп жазып едік.

Енді сұрақ туындайды, үкімет, президент бұл жайында не ойлап отыр өзі? Бір нақты жоспар бар ма? Қаншаға дейін ресейліктерге Қазақстанға жол ашық болады? 10 мың? 100 мың? 1 млн? 10 млн? Қаншаға дейін?

Ресейде еш соғыс болып жатқан жоқ. Яғни Қазақстанға келіп жатқан ресейліктерді "беженец" деп айтуға болмайды. Соғысты ашқан өздері, Ресей Федерациясы. Онда біздің қақымыз қанша? Қазақстанның инфрақұрылымының шамасы шектеулі ғой. Сол себептен бұл үрдісті қолға алу керек.

Неге үкіметке тек біз ғана бұны айтуымыз қажет? Өздерінің милары соған жетпей ме екен?

 

Пікірлер