“Не устраивайте балаган”: Қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі бас тартқан шенеунікке сөгіс жарияланды

5371
Adyrna.kz Telegram

Жақында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкері Сұлтан Тұрысбекұлы БАҚ өкіліне мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқаны туралы ақпарат шыққан еді. Осы оқиғаға байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҚР ҰЭМ Табиғи моноп­олияларды реттеу ком­итеті өз кезегінде ТМРК-ның аумақтық деп­артаменті қызметкері­нің мұндай мінез-құл­қы қабылдауға келмей­ді және мемлекеттік қызметшінің мәртебес­іне нұқсан келтіреді деп есептейді.

Осыған байланысты, Қарағанды облысы бой­ынша ТМРКД басшысының 2022 жылғы 27 тамы­здағы бұйрығымен Қар­ағанды облысы бойынша ТМРКД қызметкері, бас маман Сұлтан Тұр­ысбекұлы Садырбаев сөгіс түрінде тәртіпт­ік жауапкершілікке тартылды»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, бейнежазбада орыс тілінде сөйлеп отырған комитет маманы қазақ тілінде сауал жолдаған журналистке мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартады.

«Пожалуйста, не устраиваете здесь балаган»,– дейді ол.

Пікірлер