Дариға Назарбаева ұлының еске алу турниріне қатысты

1489
Adyrna.kz Telegram
Фото: КТК телеарнасынан
Фото: КТК телеарнасынан

Нұр-Сұлтанда футболдан Айсұлтан Рахатты еске алу турнирі өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын турнирге Дариға Назарбаева қатысып, жеңімпаздарына сыйлықтар үлестірген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

КТК арнасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағандыдан келген 9-11 жас аралығындағы жас спортшылардың жарысы “Астана Арена” стадионында өткен. Жарысқа 150-ге жуық бала келген.

Екі күнге созылған турнирде  "Астана" балалар футбол клубы жеңіске жеткен. Турнирдің күміс жүлдесін  Қарағандылық "Шахтер" командасы, ал қола жүлдені алматылық "Қайрат" жеңген.

Сюжетте Қазақстанның экс-президентінің қызы Дариға Назарбаеваның жүргенін көруге болады. Ол жарыста жеңіске жеткен балаларға сыйлықтар беріп, бірге естелікке суретке түскен.

Айта кетейік, Айсұлтан Рахат (Назарбаев) – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. Айсұлтан 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды.

Пікірлер