Ақтауда аудан әкіміне ұқсайтын азаматтың күзетшіні ұрып жатқан видеосы тарады

2578
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтаудағы элиталы үйлердің автотұрағында аудан әкіміне ұқсайтын азаматтың күзетшіні ұрып жатқан видеосы тарады, деп қарайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желі қолданушылары видеодағы адамды Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов деп отыр.

Ақтау қаласының 17-шағынауданындағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің күзетшісімен салғыласып жүрген азамат артынша оны жақтан ұрған. Алайда Маңғыстау облысының әкімдігі видеодағы азаматтың нақты кім екенін айта алмай отыр. Енді бұл кикілжіңге Тілек Көшмағанбетовтің қатысының бар-жоғын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізбек.

«Аталған бейненің сапасы нашар, анық көрінбеуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды. болады», - дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалия Кенжебаева.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер