«Көріспеулері мүмкін»: Ағайындылардың қоштасуы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

4587
Adyrna.kz Telegram

Екі ағайындының бір-бірімен қоштасқан бейнежазбасы жұрттың жүрегін елжіретті. Оны Гүлдария Дандина есімді желі қолданушысы жүктеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әпкесі мен інісі. Біреуі 90 жаста, ал енді біреуі 87-де. Әже Ресейде, ата Қазақстанда тұрады. Олар жақын уақытта көріскенше деп бір-бірімен қоштасып жатыр. Қарттар көздеріне жас алды, себебі ешқашан жолықпаулары мүмкін»,— делінген видеоның сипаттамасында.

Бұл көрініс көпшілікті бей-жай қалдырмады.

«Мен де жылап отырмын», «Ғұмыр жастары ұзақ болсын», «Жақындарымыздың амандығын тілеймін»,–деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

Өкінішке қарай, халықтың жүрегін жаулаған ата Ғалымжан Раисов бейнежазба жүктелгеннен кейін бірнеше күн өткен соң қайтыс болды. Қаралы хабарды оның немересі жеткізді.

«Атам үшін дұға оқыңыздаршы»,—деді ол.

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер