Қызылордалықтар қала күнінде таратылған палауға таласты

4875
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қызылордада қала күніне жиналған халық тегін таратылып жатқан тамаққа таласқан. Бұл туралы желіде видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

17 қыркүйек Қызылордада қала күніне орай аспаздар арасында сайыс өтті. Аспаздар пісірген 40 қазан палау шара соңында жиналған халыққа таратылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Сыр ана" монументінің алаңында 10 мыңнан аса тұрғынның қатысуымен «Ауылым – берекенің ақ бесігі» атты этно бағыттағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Желіге тараған бейнежазбадан халықтың жан-жақтан қаумалап, таратылып жатқан тамаққа таласып жатқанын көруге болады.

"Не деген жабайылық", "Қызылорда халқы аш па?", "Ашкөздік қой", "Ұят екен", "Бұлай тегін ешнәрсе таратпай-ақ қойыңдаршы", "Итке сүйек лақтырғандай", "Масқара", — деп жазды видеоны көрген желі қолданушылары.

”Адырна” ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер