Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды

1723
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Сот Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Қайрат Сатыбалды өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді.

"Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырумен алты жылға бас бостандығынан айырылсын, – деді Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов.

Сатыбалды 28-баптың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы; 195-баптың 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейтін болды. Сондай-ақ оны ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы 13 наурызда ұсталып, оған аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер