МАРҒҰЛАН СЕЙСЕМБАЙ: Путин ақылды саясаткер емес, ауру адам!

3727
Adyrna.kz Telegram

Путин жаңа территорияларды қосып алу туралы жарлыққа қол қойды. Қолда бар жерлерін игере алмай жатқанда, жаңа территориялар оған мүлдем керек емес екені түсінікті.

Ол жағдайды одан сайын шиеленістіру үшін осылай істеді. Өкінішке қарай, ол бұл әрекет адамдарға, жалпы әлемге қалай әсер ететініне қарамастан, соңына дейін баруға шешім қабылдады. Бұл ақылды саясаткердің шешімі емес, ауру адамның әрекеті.

Әлем ядролық соғысқа бір қадам жақындай түсті. Адамзат кімнің қолында болса да, ешқашан ядролық қаруға сенуге болмайтынын мұны бастан өткізіп барып қана түсінуге мәжбүр болатын сияқты. Біз қолына граната ұстаған маймыл сияқтымыз.

Абайсызда тартпасын тартып қалып, өз өзімізді жарып жіберуіміз ерте ме кеш пе түбі болатын нәрсе. Немесе бұл туралы театрда егер бірінші актта қабырғада қару ілініп тұрса, үшінші актта ол міндетті түрде атылады деп айтады.

Егер ядролық соққыға қатысты ең нашар сценарий бола қалса, ешкім тасада қалып қоймайды. Үшінші дүниежүзілік соғыс болады. Путин осылайша бүкіл әлемді өз ережесімен ойнатуға мәжбүрлеуге тырысады.

Алайда шантажға мойынсұну ешқашан жақсы нәрсеге алып келген жоқ және бүкіл әлем оны жақсы біледі. Сондықтан да, әзірге жағдай одан сайын ушығып барады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер