ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры сотталды

2153
Adyrna.kz Telegram

ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер