Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол салды

3263
Adyrna.kz Telegram

Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның дарға асылған денесі үйінің маңындағы гараждан табылған деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

КТК арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ дейді.

«Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Тараз қаласы ПБ ресми өкілі Әзімхан Жанерке.

14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер