“45 мың теңге айыппұл”: Көшеде қызын аяусыз ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалды

3768
Adyrna.kz Telegram

Астанада анасының өз қызын ұрған әйелдің видеосы желіде таралды. Оқиға бойынша ішкі істер министрлігі пікір білдірді,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода әйелдің жеткіншек қызды жұлқылап сүйреп, көлікке басын ұрып жатқаны байқалады. 

Оқиға Астана қаласындағы Алматы ауданында орын алған. 

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде белгісіз әйелдің кәмелетке толмаған қыздың денесіне зақым келтіргені түсірілген видеосы анықталды. Тексеру барысында 52 жастағы әйел мен оның 10 жасар баласы анықталды. Оқиғаға баланың жаттығу залынан кетпей қоюы себеп болған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі таңда әйелдің үстінен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу немесе оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс қозғалып, оған 45 мың теңге айыппұл салынған.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер