Қытай Тайваньмен бейбіт жолмен қосылуды көздейді - Си Цзиньпин

2483
Adyrna.kz Telegram
Фото: dw.com
Фото: dw.com
Бейжің Тайваньмен бейбіт жолмен қосылуды көздейді. Алайда күш қолданудан бас тартуға уәде бермейді. Бұл туралы жексенбіде ҚХР төрағасы, Қытай Компартиясының бас хатшысы Си Цзиньпин ҚКП-ның 20-шы съезінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
"Біз бейбіт қайта бірігу перспективасын ұстанамыз. Бірақ ешқашан күш қолданудан бас тартуға уәде бермейміз. Тайвань тәуелсіздігін жақтайтын сыртқы күштер мен өте аз сепаратистердің араласуына, сондай-ақ олардың бөліну әрекеттеріне қарсы барлық қажетті шараны қолданамыз", - деді ол.
Сондай-ақ Си Цзиньпин мұндай әрекеттер Тайвань тұрғындарының көпшілігіне қарсы бағытталмайтынын атап өтті. Ол бұған дейін Қытай ешқашан гегемонияға ұмтылмайтынын немесе экспансионизммен айналыспайтынын айтқан болатын.
"Қытай гегемонизм мен күш саясатының барлық түріне, қырғи қабақ соғыс менталитетіне, басқа елдердің ішкі ісіне араласуға және қос стандарттарға үзілді-кесілді қарсы”,-деді ол.
Пікірлер