"Дауысын естіп таңғалдық": Димаштың әндері Антарктидаға жетті

3789
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидада хабар тарата бастады. Бұл туралы «Эсперанза» ғылыми-зерттеу станциясының қызметкерлері хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

La Era Dimash радиостанциясының негізін қалаушылар Аргентинада өз радиосын енді ғана іске қосқан кезде қазақстандық әртістің дауысы жер шарының әр түкпірінде естілуін қалады.

«Радиостанция алғаш рет эфирге шыққанда біз өзімізді өте бақытты сезіндік. Күн сайын La Era Dimash радиосын тыңдайтын елдердің тізімі көбеюде. Олардың арасында бұрын естімегендері де бар. Енді екі жылдан кейін біздің радио 96 елде хабар таратады», – деді радиостанцияның басшысы Паола Профета.

2022 жылдың 11 қазанында «Эсперанза» зерттеу станциясынан хабар тарататын LRA36 радиосының қызметкерлері (шамамен Антарктика түбегінің қиыр солтүстігінде орналасқан аргентиналық зерттеу станциясы) La Era Dimash-қа қызықты сұхбат берді.

Әңгіме барысында Клаудия Альбаррасин, Мария Евгения Родригес, Ромина Забалза және Мариэла Чуркина алыс және суық континенттегі өздерінің қиын, бірақ өте қызықты жұмыстары туралы айтып, La Era Dimash хабар таратуы Антарктидаға жеткенін және қыздар қазақстандық әртістің әндерін тыңдауға мүмкіндік алғанын растады.

«Димаштың дауысын алғаш естігенде, біз шынымен таңғалдық. Оның әдемі әндері бар, өте үлкен талант!», – деп бөлісті олар.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер