Еліміздегі ғалымдардың жалақысы 70%-ға өсті - Министрлік

2598
Adyrna.kz Telegram

Отандық ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Осыған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты болмады және конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді олар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алатын болады.

Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70% - ке, яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми зерттеу институттың кадрлық және ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер