“Басымызға отыруы қалды”: Депутат Chocolife басшысының үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

2948
Adyrna.kz Telegram
Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряповтың үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мухоряпов деген біреу мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жауап беруді мәдениетсіздікке жатқызыпты. Бұл – Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау және қазақ халқының ар-намысына тию! Сондықтан ел арасында алауыздық туғызып, қазақтардың ар-намысын таптағаны үшін Бас Прокуратура оның үстінен қылмыстық іс қозғауы керек! Мәжіліс депутаты ретінде осыны талап етемін. Шыдамныңда шегі бар, енді тек бұлардың басымызға отыруы қалды!", - деп жазды ол.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Chocolife компаниясының директоры Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесуде айтқан сөзі қызу талқыға түсті. Кездесу барысында компания басшысы шетелдіктерге қазақ тілінде жауап беру “мәдениеттің көрінісі емес” екенін айтқан болатын. Кейін басы дауға қалған кәсіпкер қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

Пікірлер