"Екі ұшқыш қаза тапты": Иркутскіде Су-30 ұшағы жеке үйдің үстіне құлады

2865
Adyrna.kz Telegram
Иркутскіде апатқа ұшыраған Су-30 әскери ұшағының екі ұшқышы да қаза тапты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Zakon.kz хабарлауынша, Су-30 әскери жойғыш ұшағы сынақ кезінде апатқа ұшыраған. Аймақтық ТЖД басшысының айтуынша, ұшақ Павел Красильников көшесіндегі үйге құлаған.

Ұшақ әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 17:47-де әуеге көтерілді. Содан кейін бірден байланыс үзілген. Іле-шала тағы бір Су ұшағы әуеге аттанды. Оның экипажы апатқа ұшыраған әскери ұшақ ұшқыштарының ес-түссіз күйде болғанын көрген.

Су-30 - 4+ буынының көп мақсатты жойғыш ұшағы және ол Иркутскі авиазауытында жасалып шығарылады.

"112" мәліметтері бойынша, ұшақ құлаған жеке үйдің үш тұрғыны эвакуацияланып үлгерген. Ауданы 100 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй екі отбасыға арналған.

Жергілікті халық арасында құрбан болғандар жоқ, өрт оқшауланды, деп атап өтті ведомстводағылар.

"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер