Қазақстандық жас шахматшылар Италияда өткен әлем чемпионатынан олжалы оралды

1650
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жас шахматшылар Әсел Серікбай мен Меруерт Камалиденова әлем чемпионатынан олжалы оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Astana орталық шахмат клубының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  Әсел Серікбай 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы World Junior Chess Championship 2022 Girls турнирінде күміс жүлдеге ие болған.

Ал Меруерт Камалиденова осы жарыстың қорытындысы бойынша 11 ұпайдың сегізін жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ қазақстандық Лия Құрманғалиева бәсекені 6-орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, Әсел Серікбай - шахматтан үш дүркін әлем чемпионы, жеті мәрте Азия чемпионы болған, әйелдер арасында халықаралық спорт шебері, ҚР ұлттық әйелдер құрама командасының мүшесі.  Меруерт Камалиденова да - таяуда Президент қабылдауында болған қазақстандық шахматшы қыздар құрамасының мүшесі. Меруерт Қазақстан қыздар құрамасы сапында дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысты . Жыл басында астаналық 10-сынып оқушысы әлемдегі үздік 50 шахматшының тізіміне енген болатын. Меруерт Камалиденова Италияның Каттолика қаласында өткен Grandiscacchi International Chess Festival 2022 чемпионатында әлемнің топ-50 үздік шахматшысының тізіміне енді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер