Буркино-Фасода билікке 34 жастағы Ибрагим Траоре келді

2573
Adyrna.kz Telegram

Буркино-Фасода билікке 34 жастағы Ибрагим Траоре келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Буркина-Фасода бір  ай бұрын әскери төңкеріс болғаннан кейін билікке келген президент Пол-Анри Дамибаны тақтан тайдырды. Оның орнына жаңа басшы болып 34 жастағы капитан Ибрагим Траоре жарияланды.

Телеарнадағы әскерилердің бірі Дамибаның қауіпсіздік жағдайының нашарлауына және содырлардың көбеюіне төтеп бере алмайтынын айтты.

Қазір бұрыңғы президенттің қайда екені белгісіз. Буркина-Фасо үкіметі таратылды, конституциясы мен саяси қызметі тоқтатылды. Әскерилер де шекараны жабуды бұйырды.

Айта кетейік, 1960 жылы Буркино-Фасода тәуелсіздік жарияланғаннан бері ел алты рет әскери төңкеріс нәтижесінде және екі рет жаппай наразылықтардан кейін билікті ауыстырды. Алғаш рет президент 2015 жылғы сайлауда сайланды. Ол - Рок Марк Кристиан Каборе болды. Рок Марк Поль-Анри Дамибаның әскери төңкерісі нәтижесінде жер аударылған еді.

Пікірлер