Украина әскері шешен жасағын қырып салды - Рамзан Қадыров

3451
Adyrna.kz Telegram

Рамзан Қадыров өз телеграм арнасында соғысқа аттанған 23 шешен әскерінен айрылып қалғанын жеткізді. Сонымен қатар, жасақтағы 58 адам ауыр жарақат алды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "СМИ2" порталына сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Қадыровтың айтуынша, шешендердің  арнайы жасағы аптаның басынан бері артоатқылаудан зардап шеккен. Қазір құтқару операциялары аяқталды. Жан тәсілім еткендердің тізімі жасалып, ақпарат арналарында жарияланды.

Сонымен қатар, Шешен Республикасының басшысы әскерде опат болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Қайтыс болғандарды жерлеуге 1 миллион рубль береміз. Олардың отбасына үкімет тарапынан 12 миллион рубль беріледі. Жарақат алғандарға 3 миллион рубльден тиеді. Сонымен қатар, қайғыдан қара жамылған отбасыларды қасиетті Меккеге жібереміз", - деді Қадыров.

Еске сала кетейік, Қадыров қазан айының басында Украинаның оңбай қателесіп, Ресеймен татуласу мүмкіндігін уысынан шығарып алғанын айтқан еді. Оған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина Президенті Владимира Зеленский мен оның әріптестерін кінәлады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер