Сайлау-2022: Алматы қаласында  Call-орталық жұмыс істеп тұр

3745
Adyrna.kz Telegram

2022 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында  биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын», – деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі күні аталған саяси науқанның өтетін күніде нақтыланды. Ағымдағы жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін болады.

Осыған орай, Алматы қаласында сайлауда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеру үшін Call-орталық іске қосылды.

Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталықтың жұмыс уақыты – демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімінде өзін тексеруге мүмкіндік беретін сервис енді қолжетімді.

Осыған ұқсас қызмет Telegram Bot (@almaty_sailau2022_bot) арқылы да іске қосылды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер