Комитет басшысы парамен ұсталды

2543
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің басшысы 1,9 миллион теңге парамен ұсталды. Бұл туралы Астанадағы брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласындағы департаменті Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің төрағасын ұстады, ол комитеттінің экономика және қаржы басқармасы басшысының көмегімен ведомстволық бағынышты ұйымға қолдау көрсетіп, қосымша қаржы бөлу үшін 1,9 миллион теңге көлемінде пара алған. Комитет төрағасы кінәсін мойындады", — деді Бердалин.

Оның айтуынша, күдікті үйқамақта отыр, оған және экономика және қаржы басқармасы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер