Футболшыларымыз қымбат. Деңгейіміз төмен

1980
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама ойыншыларының Transfermarkt.de сайтындағы құндары көтерілді деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Бүгінгі таңда ең қымбат 10 ойыншылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Дмитрий Шомко - екі жарым миллион евро тұрады. «Астана» клубының қорғаушысының бұрынғы бағасы да осы болатын.

Екінші орында тағы бір «астаналық»  Роман Муртазаев -екі жарым миллион. Бұрын 1,2 миллион евро еді.

Үздік үштікті «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан қорытындылап тұр «Баторидың бағасы - екі миллион 300 мың евро (1,8 млн).

Алексей Щеткин - екі миллион евро (1 млн).

Исламбек Қуат- бір миллион сегіз жүз мың евро (1,5 млн).

Ғафуржан Сүйімбаев - бір жарым миллион евро (1,2 млн).

Еркебұлан Тұнғышбаев -бір миллион үш жүз мың евро (1 млн).

Абзал Бейсебеков - бір миллион екі жүз мың евро (1 млн).

Стас Покатилов - бір миллион екі жүз мың евро (1 млн).

Бахтиер Зайнутдинов -бір миллион екі жүз мың евро (750 мың).

 

Футболшыларымыздың бағасы көтерілгенімен ұлттық құрамамыздың  әлемдік кестедегі орыны жыл сайын кері кетіп барады. Құрама тізгінін ұстаған «сиқыршы» Стоиловтың өзі де көмектесе алмауда. 2018-ші жылды ФИФА рейтингінде аяқдопшыларымыз 119-шы орынмен аяқтады.

Пікірлер