"Сирияда бірнеше отандасымыз өлім жазасына кесілген". ҰҚК

2438
Adyrna.kz Telegram

Сирияға барғаннан адам қайта алмайды. Қашпақ болғандар қатаң жазаланды, кейбірін өлім жазасына кескен. ҰҚК-нің мәлімдеуінше, соғыс қашамыз деген бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген

Қазақстандықтарды Сириядан эвакуациялауға қатысты Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг кезінде ҰҚК департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев осындай мәлімдеме жасады.

Ресми тұлғаның айтуынша, Сирияға тарту жұмыстары мешіттерде емес, ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы шетелден жүргізілген.

"Сирияға тартушылар отандастарымызбен интернет және әлеуметтік желі арқылы сөйлесе бастаған. Ол жердегі өмірді насихаттап, бәрі әділетті екенін айтып, діни заңдардың берік сақталатынын алға тартқан. Осылайша, адамдарды қызықтырған", - дейді Бақытбек Рахымбердиев.

Осы ертегіге сеніп Сирияға барған адамдар онда мұсылмандар топтарға бөлініп, бір-бірімен соғысып жатқанын,  әділеттіліктің жоқ екенін көрген.

"Ол жерге барған соң, қайту мүмкін емес. Бізде бірнеше отандасымызды қашуға талпынысы үшін өлім жазасына кескені туралы ақпарат бар", - деді ҰҚК департамент басшысы.

Бақытбек Рахымбердиевт “өмірлік тәжірибесі, білімі жоқ жастар осындай өтірікке сеніп қалады» деді.

Қазір қауіпсіздік мақсатында әлеуметтік желілер тексеріледі. Соның нәтижесінде "жүздеген адамның" көзқарасын өзгерткен.

ҰҚК соңғы екі жарым жылда соғыс аймағына қазақстандықтардың кетпегенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 6-шы  қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан  47 қазақстандықтың шығарылғанын мәлімдеген еді.

Соның ішіндегі жеті азамат «терроризмге қатысы бар» деген күдікке ілінді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер