Оралда сауда орталығында әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды

3576
Adyrna.kz Telegram
Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Оралда әйел адам сауда орталығында жарақат алды. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі  "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 желтоқсанда сауда орталығында болды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сағат 10:03-те шақырту түсті.

"1982 жылы туған, оң жақ жіліншігінің үштен бір бөлігі жараланған зардап шеккен әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған", – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция ақпаратты растады.

"Анықталған ақпарат бойынша, оқиға науқастың абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер не болғанын түсінуде", – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сауда орталығының әкімшілігі бұл туралы пікір білдірмеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер