Оралда дене шынықтыру сабағында 3-курс студенті қаза тапты

2311
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Оралда дене шынықтыру сабағында Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы қаза тапты. Жігіттің өлімі туралы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 "Mой ГОРОД" басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 қыркүйекте болған. Дене шынықтыру сабағында студент кенет есінен танып құлаған.

"Мұғалім мен медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы да студентті реанимациялауға тырысты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер