Жойқын соққы. Түркия Ирак пен Сирияның солтүстігіне әуе шабуылдарын жасады

1310
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Түркия Ирак пен Сирияға әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі tass.ru-ға сілтеп.  

Түрік әуе күштері Ирак пен Сирияның солтүстігінде әуе шабуылдарын жасады. Шабуыл салдарынан Күрдістанның тыйым салынған Жұмысшы партиямының 29 нысанының көзі жойылды.

Басылымның мәліметінше, соңғы екі күнде Ирактың солтүстігінде түрік армиясының 12 сарбазы қаза тапқан.

Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Күрдістанның Жұмысшы партиясы содырлары паналаған кешендер, баспаналар және мұнай нысандары нысанаға алынған.

Хабарламада Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі қай аудандарға әуе шабуылдары жасалғаны айтылмаған.

Пікірлер