Алаяқтық үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

1190
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Түркияда алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Қазақстан азаматы Түркияда қолға түскен.

"Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған", - делінген хабарламада.

Қазір күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Пікірлер