Киров су қоймасы тола бастағанда. Премьер Бішкекке сапарлады

786
Adyrna.kz Telegram
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Қырғызстанға барды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет басшысы Олжас Бектенов қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғыз Республикасына барды. Бішкекте Бектеновты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қабылдады.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан Үкіметі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерді жұмсауға дайын екенін білдірді.

Қос тарап өзара тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Одан бөлек Қазақстан $260 млн сомасына 195 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Азық-түлік, өнеркәсіп, мұнай-химия, құрылыс, фармацевтика және басқа да салалардың әлеуеті зор екені айтылды.

Премьер Бектенов 2024 жылғы вегетациялық кезеңде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерінің жұмыс режимдерін бекітудің маңызын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар білім, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Жамбыл облысымен шектесетін Қырғызстанның Киров су қоймасы 81%-ға толғаны туралы жазған болатынбыз.

Пікірлер